Алматының қоғамдық көліктерінде шетелдік азамат ұрлық жасап жүрген

16:19, 6 ақпан 2023

© Сурет: ҚР ІІМ

Бұл көрші елдің, 1974 жылы туған азаматы болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шамамен 08:10 кезінде 30-бағыттағы қоғамдық көлікте қаскүнем 19 жастағы жолаушының қалтасынан Huawei телефонын жасырын ұрлап кеткен.

Күдіктіні қылмыс орнында арнайы топ қызметкерлері ұстады. Ұрланған мүлік күдіктінің өзінде болған.

Заттай айғақ тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Алмалы аудандық ПБ тіркеген қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!