Алматының кең көшесінде Opel Vectra мен Lada Priora соғысып қалды

11:56, 21 мамыр 2020
475

АвтоХҚО маңында, Сайын көшесінде жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Солтүстік бағытта жолдың оң жағымен келе жатқан Opel Vectra жүргізушісі кері бұрылыс жасауға болатын жерді кеш байқап қалған екен. Содан артына қарамастан бұрылатын жерге қарай көлігін бұра салған. Артында сол жағында келе жатқан Lada Priora мұндайды күтпеген. Opel-ді жапырып, он метрдей жерге сүйреп барып бірақ тоқтады.

Opel жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!