Алматының эпидемиологтары адамдардың көп шоғырлануы қауіпті екенін ескертті

13:41, 6 маусым 2020

Алматы қаласының Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавирустың таралу қаупінің сақталып тұрғанын ресми түрде хабарлайды. Қала тұрғындары карантин режимін сақтауы керек. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, қалада көп адам жиналатын іс-шараларға қатаң тыйым енгізілген, деп хабарлайды zakon.kz.

Көп адамның шоғырлануы коронавирус инфекциясының өршуіне, індет жұқтырушылардың көбеюіне жағдай туындатады. Бүгінде дезинфекциялық жұмыстың жаңа кезеңі басталды. Қалада зарарсыздандыру жұмыстары аяқталғанша үйде болыңыздар! Өзіңізді және басқаларды коронавирус жұқтыру қаупіне итермелемеңіз, делінген ресми мекеме хабарламасында.

Карантин талаптарын бұзғандарға ҚР заңнамасында жекелеген және қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Полиция рейдтері қауіпсіздікті бақылауды қамтамасыз етеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!