Алматылықтарды ипотекаға пәтер алып беремін деп алдап келген күдікті ұсталды

12:58, 3 ақпан 2023

© Сурет: polisia.kz

Алматылықтарға ипотекаға пәтер алуды ұсынған 24 жастағы қарағандылық жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас жігіт азаматтардың сеніміне кіріп, оларға ипотекалық пәтерлер алып беруге уәде берген. Ол үнемі 400-500 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алып отырған.

Тергеу ұсталған азаматт 10 алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады.

Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша өндіріс жалғасып жатыр. Тергеушілер алдаудың жаңа деректерін анықтап жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!