Алматылықтар тіккен құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына енді

09:26, 17 қыркүйек 2018
620

Алматыда қала күні тойланып жатқанда тұрғындар ерекше сый жасады. Олар тіккен құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Хабар 24.

Алматыда кеше қала күні тойланды.

«Осы жиылған жұрт иісі аңқыған апорттың дәмін татып, ұлттық-мәдени шаралардың куәсі болды. Наурыз мерекесінде басталған алып құрақ көрпе де бүгін тігіліп бітті. Ұзына бойы 11 шақырымға тақайтын құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді», - деп жазады сайт.

«Мұның бәрі осы бес айда тез тігіле қалған дүние емес. Қанша адамның еңбегі болды. Еңбегінің жемісі бүгін ақталып жатыр. Сондықтан да бүкіл қалалықтарды үлкен жеңіспен құттықтағым келеді. Бұл - қаланың жеңісі»,-деген пікірін білдірді қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Қабиева.

Өз кезегінде Гиннесс рекордтар кітабы бас кеңсесінің өкілі Джона Брент қазақстандық құрақ көрпені көру үшін, бағасын беру үшін, қала күні мерекесіне арнайы келіп отырғандықтарын жеткізді.

«Бұл - шынымен де таңқаларлық дүние. Сіздер расында әлемдік рекордтың қаймағын бұзып отырсыздар. Осыны дәлелдейтін ресми құжатты да табыстадық», - деді ол.

Қала күні мерекесі бір айдан бері аталып өтіп жатқанын айта кеткен жөн. Осы уақыт аралағында 100-ден астам мерекелік іс-шара өткен. Соның басым көпшілігі мәдени шаралар. Олардың қай-қайсысы да қала тұрғындарының күнделікті өмірін жарқын сәттерге толтыруға бағытталған.

«Бүгін өте керемет мереке болып жатыр. Қазақи салт-дәстүріміз көрсетілуде. Қазақтың салт дәстүрі мәңгі болсын. Көңіл күйіміз өте керемет», - деген әсерімен бөлісті қала тұрғыны Гүлнұр Әбдірашит.

Қала күніне арналған концерттік бағдарламалар кешкі уақытта да жалғасын тапқан. Халықаралық «Сұңқар» трамплин кешенінде Еуразиялық музыка байқауы өтсе, «Алатау» дәстүрлі өнер тетарында «Алатауым - алтын ұям» республикалық ақындар айтысы көпшіліктің айызын қандырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!