Алматылықтар тағы бір көпқабатты үйдің қисайғанын айтып, шағымданды

13:12, 11 желтоқсан 2019
268

Алматыда қисайды деген үйді тексеріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

10 желтоқсанда сағат 21:10 шамасында ТЖД кезекші бөлімінің шұғыл байланыс желісіне хабарласқан Алатау ауданы "Зерделі-6" мөлтек ауданында орналасқан № 1/179 үйінде тұратын ер адам тоғызқабатты тұрғын үйдің қисайғанын хабарлаған.

- Осыған байланысты мемлекеттік органдардан арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы көрсетілген мекен-жайға барды. Тұрғындар үйдің сыртынан қарағанда, оның қисайып тұрғаны байқалатыны айтады. Қазір мамандар бұл ақпаратты тексеріп жатыр, - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, 2016 жылы Алматыда Алғабас-6 ықшамауданында 9 қабатты үй қисайған болатын. Одан кейін тағы бір үйдің қисайғаны туралы ақпарат тараған.




Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!