Алматылықтар шет тілдерін тегін үйреніп жатыр
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
5000-нан астам Алматы тұрғындары мемлекеттік және шетел тілдерін тегін үйренуге бағытталған "Тілдер паркі" әлеуметтік жобасына қатысып жатыр.
Жоба Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып, қаланың барлық ауданын қамтиды. Оның басты ерекшелігі – курстардың ашық аспан астында өткізілуі. Жоба аясында сондай-ақ, сөйлесу клубтары мен тілдік алмасу ұйымдастырылып, қатысушылардың алған білімін тәжірибеде қолдануына және сөйлеу дағдысын жақсартуға ықпал етеді.
Мұнда қазақ, ағылшын, қытай, корей, жапон, француз, түрік және орыс тілдері бойынша курстар ұсынылады. Сабақ жазғы маусымда аптасына 3 рет өткізіліп, 6-дан 60 жасқа дейінгі барлық жастағы қатысушыға арналған. Курсты аяқтаған соң сертификат беріледі.
Қыркүйек айының ортасынан бастап күзгі-қысқы кезеңге өтуге байланысты тілдерді оқыту комьюнити орталықтардың ғимараттарында жалғасуда. Кестені ауданыңыздағы комьюнити-орталықтан немесе Call-орталықтың +7 747 821 6478 нөмірі арқылы білуге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:14, 27 қыркүйек 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
-
12:09, 27 қыркүйек 2024
Алматыда неліктен электр энергиясына төлем күрт өсті
-
11:55, 27 қыркүйек 2024
Ақтөбеде 89 жастағы батыр ана, тыл ардагері 14 жыл бойы мемлекеттен баспана ала алмай келеді
-
11:45, 27 қыркүйек 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 27 қыркүйектегі валюта бағамдары
-
11:37, 27 қыркүйек 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына келді