Алматылықтар 4,8 млрд теңге көлік салығын төлемеген

11:11, 30 маусым 2022

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда «Салық берешегі жоқ қала» акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты – көлік бойынша салық берешегін мәжбүрлеп төлету, деп хабарлайды Zakon.kz.

Борышкерлер көлігін «Сергек» бейнекамерасы арқылы іздеп, табады. Жүргізушінің жеке басы анықталғаннан кейін, автокөлік иесі қарызды толық өтегенше ол айыппұл тұрағына орналастырылады.

10 күн жұмыс барысында 112 көлік айыппұл автотұрағына алынды. Нәтижесінде бюджетке 200 миллион теңгеден астам кіріс түсті.

Бүгінде қаланың көлік салығы бойынша қарызы – 4,8 млрд теңге. Бұл соманың негізгі бөлігі қозғалтқыш көлемі үлкен – 4 мың текше см-ден астам автокөлік иелеріне тиесілі. Жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін, сонымен қатар сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу және автотұрақ шығыны болмауы үшін Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті көлік иелерін салық қарызын өтеуге шақырады.Алматы қаласы бойынша DGD

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!