Алматылық жігіт көз алдында бір қызды әлдекімдер күштеп ұрлап әкеткенін айтты

14:04, 27 қараша 2020

Алматы тұрғыны қызды ұрламақ болғандардың әрекеттіне куә болғанын айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, оқыс оқиға ҚР Тұңғыш Президенті саябағының жанындағы автотұрақта болған.

- Жүгіріп келе жатып орта жолдан тоқтадым, өйткені менің көзімше бір қызды ұрлап әкетті. Мен көліктің нөмірін суретке түсіріп, қажетті жерге жолдадым, енді хабарын күтудеміз. Төбелескен жоқпын, өйткені мені біреулер ұстап қалды, бірақ суретке түсіріп үлгердім, - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!