Алматылық оқушылар робототехника бойынша турнирде үздіктерді анықтады

17:25, 27 мамыр 2022

© Сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда «Алматы BALAFEST» қалалық фестивалі аясында оқушылар арасында IT-хакатон аяқталды. Енді хакатон жеңімпаздары үшін жазғы IT-лагерь ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа бірнеше IT-бағыттар бойынша қаланың 200-ден астам командасы қатысты.

«Алматы BALAFEST» қалалық фестиваліндегі IT-бағыттар:

  • Робототехника.

  • Мобильді қосымшаларды әзірлеу.

  • Сайттар құру.

  • 3D модельдеу.

  • Ойындар құру.

Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, олардың арасында ғылыми-техникалық бағыттарды танымал ету.

Хакатон қорытындысы бойынша 48 оқушы жүлделі орынға ие болды. Олар үшін жазғы IT-лагерь ұйымдастырылады. Онда оқушылар робототехника және IT бойынша халықаралық жарыстарға қатысу үшін дайындықтан өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!