Алматылық қыздар Оңтүстік Кореяда жезөкшелікке мәжбүрленген

17:03, 23 қыркүйек 2019
361

Алматы полициясы Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыздарды жезөкшелікке итермелеу фактісіне тосқауыл болды, деп хабарлайды Zakon.kz қаланың Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияға арызданған кісі Оңтүстік Кореяда бейтаныс әйел 24 жастағы қызым мен тағы бір қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі, деді.

- Бұл дерек ҚР ҚК 308-бабымен тіркелді. Жедел тергеу шараларды нәтижесінде 1988 жылы туған күдікті О. ұсталды. Қазір ол әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу барысында қыздарды шетел асыру жолдары және осы қылмыстық процеске тартылған адамдар анықталады. Тергеу енді басталды. Осы және басқа да көптеген сұрақтарға сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін жауап таба аламыз, - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басқарма бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!