Алматылық «Қайрат» ресейлік «Тьюменмен» тең түсті

00:04, 29 қазан 2021

© Сурет: Instagram/afckairat

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші турында ресейлік "Тюменьмен" кездесіп, тең түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейліктер ойынды сенімдірек бастап, бірінші голды соқты. Бірақ бір минуттан кейін "Қайрат" есе қайтарды. Дәурен Тұрсағұлов гол соқты.

Ресейліктер Артем Антошкин мен Йован Лазаревичтің голдарының арқасында үзіліске басымдықпен шықты. Бірақ екінші таймда қазақстандықтар есе қайтарып, жеңіліске жол бермеді. Есеп 3:3.

Екі турдан кейін "Қайраттың" екі ұпайы бар және 30 қазанда итальяндық "Песаро С/5" командасымен кездеседі. Топтан суырылып алға шығу үшін бұл жолы жеңіске жету керек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!