Алматылық фотограф сан алуан түске боялған күз суреттерін түсірді

11:17, 26 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/dots_foto

Алматылық фотограф Дмитрий Доценко 2024 жылғы 25 қыркүйекте оқырмандарын күздің жаңа суреттерімен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы ол Алматы тауларындағы алтын күздің кадрларымен бөлісті.

"Алматы тауларына күз келді. Мен қала маңындағы әртүрлі шатқалдарды суретке түсірдім. Қазір ол жақтар өте әдемі! (...) Осылай ауыр жабдықсыз суретке түсіруге шыққанды ұнатамын. Бұл кезде жаңа жерлерге көп көңіл бөлуге мүмкіндік болады. Жақында күз қалаға түседі, ал әзірше біздің таулардағы күз көріністерін тамашалай тұрыңыз", — деп жазды ол жазба астында.

Жазба көптеген лайк пен пікірлер жинады.

  • Сондай әдемі!
  • Күздің осындай сұлу екенін бірінші рет байқап тұрмын)
  • Тамаша суреттер!

Бұған дейін Алматыда 26 қыркүйек күні қандай жолдар жабық болатындығы хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!