Алматылық әйел көлігінде қалдырған тоғыз млн теңгесінен айырылып қалды

11:24, 19 ақпан 2019

Алматыда 31 жастағы әйел адамның 9 миллион теңгесі қолды болды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ірі көлемдегі ақша салынған сөмкесін ол көлігінде қалдырып кеткен, ал ұрылар болса терезені сындыру арқылы қол сөмкені қойынға басқан.

"Төрт күдіктінің кім екендіктерін біздер дереу анықтадық, бірақ оларды құрықтауда уақыт жұмсауға тура келді. Қазіргі таңда негізгі екі фигурант ұсталды, қылмысқа қатысы бар тағы екі сыбайлас іздестірілуде. Оларды ұстау уақыттың еншісінде. Айта кету керек, күдіктілер шығыс Қазақстанның тұрғындары. Олардың бірі 45 жастағы К. есімді азамат біздің құрылымның қызметкерлерімен Алматы облысының аумағында тұтқындалды. Тағы бір фигурант 49 жастағы А. есімді азамат қала аумағынан шығып үлгермеген, оны Алатау ауданынан анықтадық. Қазіргі таңда олар қамауға алынды. Күдікті ер адамдар бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағандықтары үшін және тонаумен айналысқандықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегіне қатысты Бостандық ауданының Полиция басқармасымен ҚР ҚК 188-бабының 3-бөліміне сәйкес сот алды тергеу басталды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!