Алматылық бизнесменнің көлігінен 130 мың долларды ұрлап кетті

12:05, 25 сәуір 2018

Алматылық бизнесменнің көлігінен 130 мың АҚШ доллары ұрланды, деп хабарлады Bnews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы ІІД қызметкерлері Жамбыл облысының екі азаматын ұстады. Олар бизнесменге тиесілі көлік ішінен 130 мыңнан аса АҚШ долларын ұрлады деген күдікпен ұсталды", - делінген таратылған баспасөз баянында.

ҚР ІІМ автокөлік иелеріне көлік ішінде құнды заттар, құжаттар мен ақшалай соманы қалдырмауды ескертеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!