Алматыға ковидқа қарсы вакцинаның екі траншы келіп жетті

10:56, 9 сәуір 2021

© Сурет: zakon.kz

Алматыға ковидқа қарсы вакцинаның тағы екі траншы алдыртылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдында ғана 18 000 дозадан тұратын бесінші және 29000 дозалық алтыншы транш жеткізілген. Енді жақын күндері жалпы саны 424 мың дозаны құрайтын тағы бірнеше түсім болады деп күтіледі, - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар олар егу орындары басқармаға қарасты барлық емханаларда және жеке медициналық орталықтарда (198), одан бөлек 20 нысанда (сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары), сондай-ақ Республика сарайында орналастырылғандығын жеткізді. Ашылуы тиіс егу пункттерінің жоспарланған саны - 250.

Құзырлы ведомства егу пункттеріне 2 250 медицина қызметкері (250 дәрігер, 1000 фельдшер, 1000 қосалқы жұмысшы), сондай-ақ 1 200 ерікті тартылғанын хабарлады.

1 ақпаннан 8 сәуірге дейін 49 160 адамға вакцина егілді. Оның 12 281-і вакцинаның екі компонентін де алды. Өткен тәулікте 1 180 адамға вакцина салынды.

Вакцина алғандар: медициналық қызметкерлер - 10 263, мұғалімдер - 8 285, тәртіп сақшылары - 5 982, мемлекеттік қызметкерлер - 307, созылмалы аурулары бар адамдар - 4 567 және Алматы қаласы тұрғындарының басқа санаттары, - деді қалалық басқарма.

Олар Алматыда 2 миллионға жуық тұрғын бар екенін атап өтті. Оның ішінде, егер 18 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, теориялық тұрғыдан тұрғындардың 50% -ына вакцина егуге болады.

Коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет пайда болу үшін Гамалея институтының микробиология профессоры Александр Гинцбургтың айтуынша, халықтың 75% иммундауды қажет етеді. Осы уақытта тұрғындар арасында кезек болдырмау мақсатында вакцинацияға тіркелу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Вакцина алу үшін тіркелу және оны алу адамның жеке бас құжатын көрсеткен жағдайда жүргізіледі. Бір рет тіркелген адам өзімен бірге бүкіл отбасын алып келмеуі үшін әрқайсысы бөлек жазылады. Осындай жағдайда вакцинацияның уақытша алгоритмі сақталады, - деп атап өтті құзырлы ведомствадағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!