Алматыға қосылған ауылдарға биыл жазда ауыз су тартылады

17:41, 19 сәуір 2019

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек биыл жазда қалаға қосылған ауылдарға су жүйелерін тарту құрылыстарының басталатынын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы шаһар басшысы өзінің twitter - аккаунтінде жазды.

- Биыл жазда қала аумағына кірген Қарасу, Нұршашқан, Заря Вастока, Алғабас, Әлмерек, Первомайка, Боралдай, Таужолы, Құрамыс және Жайлау ауылдарындағы 58 мыңнан астам үйге 256 шақырым су және кәріз жүйлерін тартуды бастаймыз, - деп жазды Байбек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!