Алматыдан облысқа кеткен тұрғындарға 14 күндік үй карантині міндетті

15:57, 20 наурыз 2020
470

Алматыда жұмыс істейтін, шекараның жабылуына байланысты Алматыдан шығып кеткен облыс тұрғындары үшін 14 күндік міндетті үй карантині туралы жарлық қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Алматыда жұмыс істейтін және шекаралардың жабылуына байланысты Алматыдан шығып кеткен Алматы облысының тұрғындары үшін 14 күндік міндетті үй карантинін енгізу туралы жарлық қабылдады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қайрат Баймұхамбетов қол қойған құжат Алматыдан кеткен барлық тұлғаларды үй карантиніне орналастыруды міндеттейді.

Оларды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері телефон арқылы бақылайды.

Сонымен қатар, бұл жарлықта жүк тасымалына қатысты талаптар бар.

Бүгіннен бастап тауарлар мен басқа заттар жабық контейнерлерде тасымалданып, зарарсыздандырылып, фумигациялануы керек. Қапталмаған тауарларды тасымалдауға тыйым салынады.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!