Алматыдағы «Жас Ұлан» мектебінің басшылығы 1,2 млн теңге жеп қойды

20:25, 9 шілде 2020

Б. Момышұлы атындағы "Жас Ұлан" Алматы республикалық мектебінің лауазымды тұлғалары заңсыз қаражат алуда күдікті болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қызметі Б.Момышұлы атындағы "Жас Ұлан" Алматы республикалық мектебінің лауазымды тұлғаларын абитуриентті оқуға қабылдау үшін 1,2 млн теңге сомасындағы қаражатты заңсыз алу күдігі бойынша әшкереледі.

Аталған тұлғалар аталған қылмыс жасаудағы кінәларын толық мойындады.

Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу сатысында, басқа жағдай тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!