Алматыдағы Шымбұлаққа баратын жолды су басып қалды

17:35, 5 мамыр 2021

© Сурет: ҚР ТЖМ

5 мамырда 15 сағат 52 минутта Алматы ТЖД-не Медеу ауданы "Горельник" шатқалында температуралық фонның көтерілуі мен қардың көп еруі салдарынан көлемі 5 м3 су төгілгені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұру құбырының ластануынан (800 мм) жол төсемін су басып қалды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар, сондай-ақ қираулар болған жоқ. "Қазселденқорғау" мекемесінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер қабылдаған шаралармен бұру құбыры тазартылып, судың өткізу қабілеті қалпына келтірілді.

Оқиға орнына 16 қызметкер, 6 бірлік техника жұмылдырылды: Алматы қаласы ТЖД, "Қазселденқорғау" ММ, "Алматы Су" АҚ, Алматы қаласы ПД қатысты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!