Алматыдағы шоу-бизнестен түскен кіріс 15 есеге азайды
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәдениет, шоу-бизнес және демалыс пен ойын-сауық саласындағы басқа да қызметпен айналысатын салық төлеушілерді іс-шаралардың ұйымдастырушыларына қатысты салықтық тексерулер жүргізді.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысты хронометрлік тексеру жүргізілді, атап айтқанда келесі концерттік шараларды ұйымдастыру бойынша:
1) Фестивальді ұйымдастыру - кірісі 20,9 млн. теңгені құрады;
2) Жеке концертті ұйымдастыру ("Halyk Arena" мұз алаңы) – кіріс 31,1 млн. теңгені құрады.
Екі іс-шараның қорытындысы бойынша ұйымдастырушыға түскен кіріс 52 млн. теңгені құрады, ал жүргізілген хронометрлік тексеруге сәйкес салық төлеушілер салық есептілігі түрінде 3 млн. теңгеге жуық соманы көрсетті, яғни шын мәніндегі болған кіріс салықтық есептілікте 15 есеге немесе 48 млн. теңгеге төмендетіліп көрсетілген.
Сондай-ақ, Алматы Аренада жаттығуды ұйымдастырушыларға қатысты хронометрлік тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында ұйымдастырушының 85 миллион теңгеден астам соманы құрайтын кірісі анықталды, ал 2018 жылдың ішінде салық төлеушінің салық есептілігінде айналым нөлге тең болған.
Сонымен қатар, Департамент 2019 жылдың соңына дейін мәдениет, шоу-бизнес және басқа да демалыс пен ойын-сауықтың саласындағы ұйымдастырушыларға тексеру жұмыстарын жалғастыратындығын хабарлаймыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 24 сәуір 2024
ОПЕК + келісімі: Қазақстан мұнай бойынша асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді
-
22:28, 24 сәуір 2024
«Адам іздеп жүрмін!». Астанада Әкім Ысқақтың шығармашылық кеші өтті
-
22:15, 24 сәуір 2024
Қорғаныс министрі су тасқыны кезінде көмекке жұмылдырылған әскери қызметкерлерге алғыс білдірді
-
21:50, 24 сәуір 2024
«Жаңбыр соңы қарға ұласады». Бейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:27, 24 сәуір 2024
Алматыда қыз зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты