Алматыдағы «МПЗ Бижан» ЖШС бір ауысымда 20 тонна өнім шығарады

09:00, 30 қазан 2020

Өндірісті кеңейту және еуропалық өндіріс жабдықтарын сатып алу үшін шамамен 2,5 млрд теңге көлемінде қаражат 10 жылға 6%-бен бөлінді.

Зауыт 2,5 жыл ішінде салынып, бүгінде 250 жұмыс орны ашылды. Әзірге мұнда зауыттың жобалық қуатының үштен бірі шығарылады, бірақ өндірілетін шұжықтардың ассортименті біртіндеп артып келеді, жақында деликатестердің жаңа ассортиментін өндіруге арналған қуыру шкафы іске қосылды. 1 ауысымда 15 тонна шұжық өнімдері мен 5 тонна жартылай фабрикаттарды өндіру жоспарланып отыр.

Алматының Индустриялық аймағындағы жаңа зауыт еліміздегі импортты алмастыру бағдарламасы аясында салынды, ол қосылған құны бар жоғары сапалы өнім шығарады. Зауытта заманауи технологиялар қолданылады, жаңа жабдықтар жұмысшылардың жұмысын жеңілдетеді, барлық процестер автоматтандырылған екенін зауыт директоры Хадиша Бижан атап өтті.

Зауыттың жалпы ауданы – шамамен 10 мың шаршы метр. "МПЗ Бижан" ЖШС өнімі Қазақстанның барлық ірі қалаларына жеткізіледі, сондай-ақ Алматы, Нұр-сұлтан және Көкшетау қалаларында фирмалық дүкендер желісі бар. Компанияның толық циклді өндірісі бар: Көкшетауда 5 мың басқа арналған мал жемдейтін базасы, мал сою цехі, сондай-ақ "Халал" стандарты бойынша шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар мен ет консервілері өндірісі орналасқан.

Алматыда осындай көптеген бизнес-жобаларды жүзеге асыруға "Qoldaý" кәсіпкерлік орталығында көмек көрсетілетінін атап өтейік. Ол мемлекеттік қолдау құралдары бойынша толық ақпараттық түсіндіруді жүргізеді, бизнесмендерге тегін кеңес беруге, бизнес-жоспарларды дайындауға, жеңілдікті қаржыландыруға өтінімдерді ресімдеуге, оқытуға, инвесторларды тартуға көмек көрсетеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!