Алматыдағы мамандандырылған №1 ХҚКО енді көліктерді тіркемейді

14:54, 25 ақпан 2021

© Сурет: Drive2

Алматыда көлік құралдарын тіркеу орны өзгерді, деп хабарлайды zakon.kz.

27 ақпаннан бастап Саялы ықшам ауданындағы мамандандырылған No1 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істемейді. Ал 1 наурыздан бастап тіркеу бөлімінің 50 маманы Сәтбаев көшесіндегі "Автодом" сауда үйінде қызмет көрсете бастайды.

Біз үшін адам ең көп баратын мамандандырылған ХҚКО жүктемесін азайтып, оның қызметін алматылықтарға ыңғайлы әрі қолжетімді ету маңызды болды. Жаңа орын сатып алынған көлікті қаладан шықпай қайта тіркеу процесін жылдамдатады, - деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" МК басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Оның айтуынша, 1 наурыздан бастап мамандандырылған No1 ХҚКО тек жүргізуші куәлігін беруге байланысты мемлекеттік қызметтерді ұсынады, мысалы, алғашқы тіркеу және теориялық, практикалық емтихандарды тапсыру, жоғалуына байланысты құжатты ауыстыру, құжатты мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстыру, қосымша санаттар алу және т.б.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!