Алматыдағы қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама

20:19, 31 наурыз 2020

2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.

Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға (Хаттаманың 1.2 п.) кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет:

№1 үлгі — кәсіпорындар бойынша.
№2 үлгі — кәсіпорындардың қызметкерлері бойынша.

№1, №2 үлгілер толтырылғаннан кейін автоматты түрде жіберіледі.

Толтырылған үлгілерді 2020 жылғы 1 сәуір сағат 18.00-ден кешіктірмей жіберу керек!

Сонымен бірге, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың 2020 жылғы 27 наурыздағы №6 хаттамасында жұмыс күнін мүмкіндігінше қысқартып, жеке қорғаныс құралдары жоқ қызметкерлерді мекемеге кіруіне жол бермеу ұсынылғанын хабарлаймыз.

Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі сағат 6.00-ден 19.00-ге дейін шектеледі. Жылжымалы құрамның саны да 50%-ға азайып, автобустардың қозғалыс аралығы ұлғаяды. Сондай-ақ, жұмысын жалғастырып отырған компанияның қызметкерлері өзімен бірге жұмыс орнынан анықтама алып жүрулері керек. Мына жерден жүктеп алуға болады.

Егер мекеменің (ұйымның) жұмысын жалғастыруына рұқсат берілмесе, бірақ аталған мекеменің (ұйымның) басшысы бұл мекеменің (ұйымның) қызметі қаланың тұрғындары мен оның тіршілігіне қажет әрі маңызды деп санаса, негізделген жазбаша өтінішті business_stab@almatydc.kz email поштасына жолдау қажет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!