Алматыдағы ірі сауда орталығына тағы бомба қойылды

11:51, 4 шілде 2022
230

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда «МОСКВА Метрополитен» сауда орталығының қызметкерлері мен келушілері «бомба қойылды» деген ақпаратқа байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама полицияға 4 шілде күні сағат 10:04-те түскен.

Мұндай хабарламаларға бірінші кезекте жауап беру алгоритмі аясында алғашқы кезекте келушілер мен орталық қызметкерлері эвакуацияланды, жол полициясы бөлімшелері көліктерді осы нысанға іргелес жатқан жолдан алыстатуда. Алматы ПД баспасөз қызметі

ТЖД Жедел бақылау орталығы тексеру жұмыстарының аяқталып қойғанын, «бомба» туралы ақпарат жалған болып шыққанын түсіндірді.

Алматы полициясы тұрғындарды үрейленбеуге, сабырлы болуға және қалада жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды. Алматы ПД баспасөз қызметі

Айта кетейік, сауда орталығына бомба қойылды деген ақпарат бұған дейін 21 маусымда шыққан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!