Алматыдағы инфекциялық стационардың бірінен түсірілген видео: «Грязный зонаға» кіреміз...»

14:45, 16 шілде 2020

STOPCOV Almaty тобы Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында коронавирустан емделіп жатқан науқастарды видеоға түсірді, деп хабарлайды zakon.kz.

STOPCOV Almaty тобының Telegram арнасында Алматыда коронавирус науқастар емделіп жатқан 12-ші ауруханадан түсірілген видео жарияланды.

Бұл видеоны түсіру кезінде Алматыда 8 040 адам вирус жұқтырғаны айтылады. Мұнда күн сайын 150 дәрігер адамдардың өмірі үшін күресетіні, ал күніне ауруханаға 30 науқас түсетіні де атап өтілген. Негізінен, мұндағы науқастардың жағдайы орташа және ауыр.

- Біз "грязный зонаға" кіріп жатырмыз. Бұл жерде біз өзімізбен бірге әкелген заттарымызды қалдыруымыз керек. Мен өзім обаға қарсы костюм кидім, мұнымен емін-еркін жүрудің өзі мүмкін емес, - дейді видеоны түсірген жігіт.

Түсірілім кезінде дәрігерлер науқастардың жағдайын сұрады.

- Қазір жақсы. Мен өткен жексенбіден бері осында жатырмын. Менің өкпемнің 75% зақымданған, - деді науқастардың бірі.

STOPCOV Almaty тобы барлық науқастарға тезірек сауығуды тілеп, коронавирустың салдарынан қайтыс болғандардың туыстарына қайғырып көңіл айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!