Алматыдағы эпидахуал үлкен қарқынмен нашарлап барады

12:35, 9 сәуір 2021

© Сурет: Литер

Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал үлкен қарқынмен шиеленісіп барады, деп хабарлайды zakon.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазіргі уақытта Алматыда эпидемияның үшінші толқыны жүріп жатқанын хабарлайды. Эпидемияның бірінші толқыны кезінде аурудың шыңы 2020 жылы шілдеде болды, ол кезде 6 372 жағдай, екінші толқынның шыңы 2020 жылдың қазанында басталып, осы жылдың қаңтарында 3 607 жағдай тіркелді, үшінші толқын наурыз айында басталды, бұл коронавирустың мутацияланған штамдарының әсерінен (Африка мен Британияның оңтүстігі) туындады, 1 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін 14 582 жағдай тіркелді.

Эпидемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясының 39 655 жағдайы тіркелді (халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш 1 948,9), 2021 жылдың басынан бастап 21 134 жағдай (халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш 1038,7 құрайды) ), наурызда - 9 525 жағдай, сәуірдің 8 күні ішінде - 5 057 жағдай, соңғы тәулікте 717 жағдай тіркелді. Күнделікті өсім 1,8 құрады. Соңғы жеті күнде халықтың 100 мың тұрғынына шаққандағы аурушаңдық коэффициенті - R - 1.132: алдындағы жеті күндегі репродуктивтілік коэффиценті 215.2 болса, осы жеті күндегісі 231.3 құрайды, деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Бір жасқа дейінгі балалар арасында коронавирусқа шалдығушыларда әлі өсім бар және аптасына 64 жағдайға дейін жетуде: 1 наурыз - 12 жағдай (КВИ - әдеттегісі), 2 апта - 27 жағдай (мутацияланған штамдар тіркеле бастады), 3 апта - 41 жағдай, 4 апта - 54 жағдай, 1 сәуір - 64 жағдай, яғни бір жасқа дейінгі балалар арасындағы жағдайларды апта сайын,ы өсімі 5,3 есеге өсті: 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 107 жағдайдан 372-ге дейін, яғни. 3,5 есе өсім бар. Соңғы 14 күнде 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында КВИ ауруының 1,1% -ға төмендеуі байқалды (4,5-тен 3,4% -ға дейін), 20-39 жастағы азаматтар арасында 3,5% -ға (39,1-ден 35-ке дейін, 6%). 40 - 59 жастағылар арасында 1,4% -ға (26,7-ден 28,1% -ға) және 60 жастан жоғары алматылықтардың арасында ауру 4% -ға (19,2-ден 23,0% -ға) өсті. Бұл жағдай мутацияланған вирустың нәрестелерге, балаларға және үлкен жастағыларға - 60 жас және одан жоғары жастағы адамдарға ерекше әсер етіп жатқанын көрсетеді.

Алматыда коронавирус инфекциясының бұлайша қарқынмен өсуінің себептері ретінде, ең алдымен мутацияланған COVID-19 штамдарының көптеп таралуы болып табылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!