Алматыдағы ботаникалық бақ қайта жаңғыртылады

20:51, 18 тамыз 2017

Құрылғанына 85 жыл толған Алматыдағы әйгілі ботаникалық бақ заманауи әдістерді пайдаланып, қайта түлемек. Бұл туралы Алатау баурайында өткен шетелдік ғалымдардың бас қосуында айтылды.

Тек Алматыда ғана емес бүкіл Қазақстандағы жасыл желекті дамытуда үлесі зор ботаникалық бақтың қорында қазір 258 мың өсімдік түрі бар. Оның елу бес мыңын бақ аумағынан көруге болады. Енді Алматы ботаникалық бағын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ. Оған Нью-Йорк пен Лондонның жасыл желекті дамытудағы тәжірибесі қолданылатын болады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін арнайы құрылған қор тың жобаларды талқылап, қаржы көздерін қарастырып жатыр. Бақтың арық жүйелері, жүргінші жолдары жаңартылып, көше шамдарын әсемдеу қолға алынды.

Арна Әкімбаева, Бас ботаникалық дамыту қорының атқарушы директоры: 

-Әзірге қанша жоба жүзеге асырылатынын айта алмаймын. Біздің мақсат – ботаникалық бақты Нью-Йорк немесе Лондондағы ботаникалық бақтар сияқты халықаралық талапқа сай ету. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!