Алматыдағы алапат өрт ауыздықталды

17:08, 17 қыркүйек 2021
383

© Сурет: zakon.kz

Алматыда болған алапат өрт ауыздықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өрт сағат 16:40 кезінде оқшауланды, - деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаменті.

Айта кетсек, 17 қыркүйекте, сағат 15:09-да Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары күшейтілген құрамда шұғыл шақырту бойынша Медеу ауданы, Назарбаев даңғылы, 124 мекенжайына аттанған болатын. Үй тұрғындары эвакуацияланды. Жанып кеткен тұрғын үй шатыры сыртқа емес, ішке қарай құлап, жалын енді қабаттарды жалғайтын жақтауларға ұласқаны хабарланған. Куәгерлер оттың газ баллоны жарылуынан шыққан болуы мүмкін екенін айтқан. Өйткені бұл тұрғын үй кешенінде жұмыс істейтін бірнеше бардың бары белгілі болды.

Тұрғын үй - жекеменшік. Пәтерлер жалға берілген, - деді қалалық ТЖД.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!