Алматыдағы Айманов көшесіне екі жақты қозғалыс енгізіледі

14:32, 24 қыркүйек 2018

Алматыда Айманов көшесі бойындағы Жандосов пен Тимирязев көшелері арасындағы учаскеге екі жақты қозғалыс енгізіледі. Осыған орай ұзартылған көлік тұрағын жолдың батыс бетінде жасау қарастырылған деп жазады zakon.kz.

Бұл шара Тимирязев көшесі мен Жароков көшелерінде солтүстік бұрылыстың жоқтығына қарамастан шығыс бағытқа Жароков көшесіндегі оңтүстік бұрылыс арқылы шығуға мүмкіндік береді.

Көлік қозғалысының жаңа сызбасы бұл учаскеге биылғы жылдың 28 қыркүйегінен бастап енгізіледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!