Алматыда Жүрімбек Сыдықовтың құрметіне мемориалды тақта ашылды

18:54, 1 шілде 2022
133

© Сурет: Алматы әкімдігі

ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, көрнекті академик-гидрогеолог және Ұлы Отан соғысының ардагері Жүрімбек Сыдықовтың құрметіне Назарбаев даңғылы, 172-үй мекенжайына мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді.

Жүрімбек Сыдықов – академик, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының үлкен алтын медалінің, Қ.Сәтбаев атындағы сыйлықтың, бірінші дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.

Ғалым Орал-Мұғалжар таулары мен Мұғалжар жазығының жер асты суларын көп жылдық зерттеу бойынша іргелі монография жазды. Түрлі мерзімді басылымдарда гидрогеология бойынша барлығы 35 монография, 720 еңбек жариялаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!