Алматыда жүк көлігі зейнеткердің үстінен басып өтті
Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жолда күтпеген жерден пайда болған әйелді қағып кетті. Көп тонналы фура тоқтап үлгермей, зардап шегуші доңғалақтың астында қалып қойған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты күннің екінші жартысында Солтүстік айналма жолы және Победа көшелерінің қиылысында болды.
Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі Победа көшесімен оңтүстікке қарай төмен жылдамдықпен жүріп бара жатқан. Осы кезде реттелетін жол қиылысында 65 жастағы әйел күтпеген жерден жолға қарай жүгірген.
Фура жүргізушісі тежегішті басу арқылы төтенше жағдайға жол бермеуге тырысқан, алайда автокөлік жаяу жүргіншіні басып өтіп бір-ақ тоқтаған.Әйел оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі таңда жедел-тергеу тобының қызметкерлері кінәліні анықтау үшін оқиға куәгерлерінен жауап алып жатыр. Ол үшін кім жол ережесін бұзғанын және бағдаршамның тыйым салынған белгісін елемегенін анықтау маңызды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 18 сәуір 2024
Еліміздің солтүстігінде ауыл тұрғындарын эвакуациялау әлі жалғасуда
-
22:42, 18 сәуір 2024
ШҚО-да есігі жоқ көлікті тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды
-
22:33, 18 сәуір 2024
Иран Израильге қарсы жүргізілген операция аяқталғанын мәлімдеді
-
21:35, 18 сәуір 2024
Бектенов: Қазақстан Үкіметінің күш-жігерін Еуроодақтың қолдау бағдарламаларымен үйлестіру маңызды
-
21:29, 18 сәуір 2024
56 млн теңгенің контрабандасы бойынша күдікке ілінген ер адам Түркиядан Қазақстанға жеткізілді