Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысып, бес адам жарақаттанды

14:33, 23 сәуір 2021

© Сурет: zakon.kz

Алматыда Mercedes 1324 жүк көлігі мен №46-бағыттағы автобус соқтығысты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жол апаты Серіков пен Қазыбаев көшелерінің қиылысында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі Қазыбаев көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Т сипатындағы жолдар орамасында ол солға бұрылмақ болған. Осы кезде Серіков көшесі бойымен келе жатқан жолаушылар автобусы батысқа қарай кетіп бара жатқан.

Mercedes жүргізушісінің айтуынша, автобустың оңға бұрылу белгісі қосылған. Ер адам автобус Қазыбаевқа бұрылады деп ойлап, маневр жасай бастайды. Алайда, автобус тіке жүре береді. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі тоқтап үлгермей, автобусқа соғылды. Жүк көлігі автобустың бір жанын жапырып өткен.

Жол апатынан автобустың бес жолаушысы зардап шекті. Жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер бесінші зардап шегушіні оқиға орнында тексеріп, босатты.

Полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!