Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған ер адам мерт болды

22:55, 25 қаңтар 2022
175

© Сурет: Zakon.kz

Қайғылы оқиға Сейфуллин даңғылының бойында Жансүгіров көшесіне жетпей орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Honda Odyssey маркалы автокөлік Сейфуллин даңғылы бойымен солтүстік бағытта келе жатқан.

Жансүгіров көшесіне бірнеше метр қалғанда жолға ер адам жүгіріп шығады. Жүргізуші тежегішті басқанымен, бәрі кеш еді.

Жаяу жүргінші

Сурет: Zakon.kz

Ауыр соққы салдарынан жаяу жүргінші бірнеше метрге ұшып кетті. Ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Марқұмның ішімдік қолданғаны анықталды. Ер адамның жеке басы анықталу үстінде.

Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!