Алматыда жол апатынан жаяу жүргінші мен мопед жүргізушісі ауыр жарақат алды
Алматыда мопедтің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты Ақан Сері мен Буденного көшесінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, мопед Ақан сері көшесімен жоғары бағытта кетіп бара жатқан, сол сәтте қиылыстан Буденного көшесімен батыс бағытта келе жатқан Chevrolet Cruze көлігі шыға келеді. Ол мопедті байқамай қалды ма, әлде "Жол бер" белгісіне мән бермеді ме ол жағы белгісіз.
Мопедтің жүргізушісі соқтығыстан қашуға тырысқанымен, болмады. Соққы салдарынан мопед жүргізушісімен бірге аялдама жаққа ұшып кетеді, аялдамада тұрған қызды да қағып түсіреді.
Зардап шеккен қыз бен ауыр жарақат алған мопед жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:23, 17 сәуір 2024
Дубайдағы аласапыран: «Туристік Қамқор» қоры маңызды мәлімдеме жасады
-
21:00, 17 сәуір 2024
Еліміздің төрт өңірі өрт қаупі жоғары кезеңге толық дайын болмай шықты
-
20:57, 17 сәуір 2024
Түркістанда өздері алмаған несиені төлеуге мәжбүр 50-ге жуық адам кімнен көмек сұрарын білмей дал
-
20:31, 17 сәуір 2024
Петропавлда мешітте имамды ұрған ер адам сотталды
-
19:59, 17 сәуір 2024
Бадминтоннан ел құрамасының көшбасшысы Париж Олимпиадасына жолдама ұтып алды