Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы Әл Накауа Нура Гиас табылды

15:55, 17 маусым 2019

7 маусымда жоғалып кеткен 19 жастағы Әл Накауа Нура Гиас табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде жоғалған қыздың тірі табылғаны туралы ақпарат таратылуда.

Оған не болғаны, қайдан табылғанына қатысты мән-жайлар айтылмады.

2019 жылдың 7 маусымында Әл Накауа Нура Гиас кешкі бестер шамасында Орбита-4-тегі үйінен шығып, содан бері жоқ болған.

Қыздың айрықша бір белгісі бар делінген: арқасында қызғылт түсті айдаһардың суреті салынған татуировка бар.

Полиция нақтылағандай, Әл Накауа Нура Гиас Қазақстан аумағынан шығып, Қырғызстан асқан екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!