Алматыда жел сілкінісі кезінде зардап шеккендерді қабылдайтын орындар санын арттыруда

21:55, 31 қаңтар 2023
131

© Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерді қабылдау пункттерінің санын көбейту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер бұрын қалада сейсмикалық тұрақтылығы жоғары 220 ғимарат болса, қазір олардың саны 384-ке жетті.

"Халықты қабылдау пункті - бұл төтенше жағдай жарияланған кезде тұрғындар паналай алатын қауіпсіз орындар. Әдетте, олар білім беру ұйымдарында: мектептерде, балабақшаларда, колледждерде, жоғары оқу орындарында орналасады. Олар арнайы құрылыс нормаларына сәйкес салынады, сондықтан олар жер сілкінісі кезінде төзімді", – дейді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Алматының әр ауданындағы осындай ғимараттардың толық тізімімен мына жерден танысуға болады.

Төтенше жағдайлар департаменті ұялы телефонда "2ГИС" қосымшасын жаңартуға, ал іздеу жолында "Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері" сұрауын енгізуге кеңес береді.

"Қосымшада қала картасында өзіңізге жақын орналасқан барлық пункттер көрсетіліп тұрады", делінген хабарламада.

Қазақстандағы соңғы рет жер сілкінісі 17 қаңтарда тіркелді. Ол Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 167 шақырымдағы жерде болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!