Алматыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
© Фото: пресс-служба акимата Алматы
2025 жылдың 7 қазанында кешқұрым Алматы қаласының Әуэзов ауданында жедел жәрдем көлігі 16 жастағы жасөспірімді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кетті. Жасөспірім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жедел жәрдем көлігінің Жандосов көшесімен шығыс бағытта, қарсы жолақта қозғалғанын айтты.
"Береговой көшесімен қиылысында белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен оңтүстік бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге соқтығысты",- деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 2009 жылы туған жасөспірім ауруханаға жатқызылды.
Әуэзов аудандық полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Бұған дейін Шымкентте белгіленбеген жерден өтпек болған әйелдің автобус астына түсіп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:30, 9 қараша 2025
Синоптиктер еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті
-
09:21, 9 қараша 2025
Головкин мен Рудковская Софья Самоделкинаны жеңісімен құттықтады
-
00:12, 9 қараша 2025
Дзюдошы Самалай Ерғалиева Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды
-
00:10, 9 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары-2025: дзюдошы Ержан Еренқайыпов күміс жүлдегер атанды
-
00:00, 9 қараша 2025
Тоқаев Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды





