Алматыда жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

12:34, 28 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

Алматыда жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралды. 8-сынып оқушысы 11-қабаттың терезесінен секірген делінелді.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

Аталған факті Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тексеру барысында анықталады, - делінген ақпаратта.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!