Алматыда жаңа бағытта No6 троллейбус жолға шығады

17:27, 22 сәуір 2021
317

© Сурет: Pixabay

Алматыда 26 сәуірден бастап жаңа бағытта No6 троллейбус жолға шығады, деп хабарлайды zakon.kz "Алматыэлектротранс" ЖШС-не сілтеме жасап.

Жаңа бағыт мына жолмен қатынайды: Алматы-2 теміржол вокзалы - Абылай-хан - Абай даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Сәтпаев - Щепетков - Шаляпин - Момышұлы көшесі - Ақсай-3.

Қарама-қарсы бағытта: Ақсай-3 - Төле би көшесі - Сайын - Жандосов - Сәтпаев - Сейфуллин - Абай даңғылы - Абылай хан - Алматы-2 теміржол вокзалы.

Жаңа бағыт бойынша жұмыс күндері - 12 , демалыс күндері 8 троллейбус қатынайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!