Алматыда жалған ақпарат таратқан адам іздестірілуде

16:21, 20 сәуір 2018
435

Алматылық полицейлер «қалада үш бірдей нысанға жарылғыш заттар қойылды» деп телефон шалған адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Әуесқой бейнежазбада Әділет департаментінің ғимараты, «Кенжехан» базары мен Төле би көшесіндегі пиццерияның қоршауға алынғаны түсірілген. Куәгерлер оны әлеуметтік желілерде жариялаған. Дегенмен бұл ақпарат расталмады. Қазір жалған хабар берген тұлғаны анықтау шарасы жүріп жатыр.

Күдіктіге 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!