Алматыда зейнеткерді көлігімен қағып кеткен ер адам табылды

10:17, 19 қараша 2021
663

© Сурет: pxhere

Алматыда бір жүргізуші қарт кісіні қағып, оны оқиға орнынан алып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде біреу әжені көлігімен қағып, аулаға әкеп, қалдырып кетті деген хабар тарады.

Біздің әжемізді 16 қарашада Розыбакиев көшесі мен Қабанбай батыр көшесінде көлік қағып кетті. 17:00-18:00 шамасы. Ол біздің әжемізді қағып кетіп, содан кейін оны көлігіне отырғызып, аулаға қалдырып кетті. Үйге қалай жеткенін білмейміз. Біз жедел жәрдем шақырдық, оны ауруханаға жеткіздік. Оның басы жарақаттанған. Аяғы, қабырғалары мен жамбасы сынған. Өз пікріңізді қалдыруды сұраймыз. Жедел жәрдем полицияға қоңырау шалуы керек еді, бірақ олар да келген жоқ, - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Полиция жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткені үшін, сондай-ақ ЖКО орнынан кеткені үшін жауапқа тартылғанын хабарлады. Бұл факт сол күні, 16 қарашада тіркелді. Оны Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеуде, деді Алматы ПБ баспасөз қызметі.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!