Алматыда ұшақты қондыра алмаған ұшқыш сотталып кетті
Шасси үшін үш жылға сотталды! Әскери ұшақты дөңгелексіз қондыра алған пилотты сот керісінше кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайы КТК.
Оқыс оқиға әскери оқу-жаттығу кезінде болған. Кенеттен шассиі шықпай қалған Су-27 қара жерді сүзіп қонған. Ақауға қарамастан техниканы аман-есен қондырған 31 жастағы пилотты әріптестері мақтап, арқасынан қаққан болатын. Алайда, әскери сот күтпеген шешім шығарды. Ұшқыш Радик Әшімов шассисіз қонғаны үшін кінәлі деп табылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын колонияда өтемек. Алайда, ұшқыштың туыстары мұнымен келіскісі жоқ.
Айтуларынша, оқу-жаттығу –әскери техниканы тексеру мақсатында өткен. Сондықтан, істемей қалған шасси үшін пилоттың жауапқа тартылуы күлкілі жағдай. Керісінше, жолын тауып, сәтті қонған. Сол себепті де, ұшқышты түрмеде қылмыскерлердің қасында ұстау нағыз сорақылық деп, бостандыққа жіберуді сұрып отыр. Ал апатты жағдайдың өзі 2016-шы жылдың қарашасында болған. Шассиі шықпай қалған Су-27 жойғыш ұшағы аэродромға аман-есен қонып, әскери бір ажалдан қалған.
“Сот басталмай жатып, бәрі менің күйеуіме қырын қарады. Кінәсіздігін дәлелдеп тұрса да құлағына ілген жоқ. Техникалық ақау бола, ұшуға рұқсат берген басшылар неге жауапқа тартылмайды онда? Неге жалғыз менің күйеуім жауап беру керек. Ол керісінше апаттың алдын алды емес пе?!”, – дейді Айнұр Тәңірбергенова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 24 сәуір 2024
Түркістан облысында кәмелетке толмаған бала құрдасына жыныстық сипатағы зорлық көрсеткені үшін тұтқындалды
-
14:39, 24 сәуір 2024
Көк-төбедегі телемұнараға найзағай түсті
-
14:39, 24 сәуір 2024
Алматыдағы Көк-төбедегі телемұнараға найзағай түсті
-
14:23, 24 сәуір 2024
Жоғары оқу орындарының оқытушыларына ғылыми дәрежелері үшін қосымша ақы төленеді
-
14:00, 24 сәуір 2024
Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген