Алматыда ұрылар Мәжіліс депутатын тонап кетті

09:04, 27 қаңтар 2020

Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті мүшесі Ирина Смирнова Алматыға келіп, автокөлігімен жүрген кезінде көшедегі ұсақ ұрылардан қорлық көріпті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Смирнованың өзі Facebook-те жазды.

Оның сөзінше, үш апта бұрын ұрылар көлігінің терезесін шағып, ішіндегі сөмкесін сып еткізген.

Қайта депутаттың сөмкесінде құнды дүниелер болмаған екен.

- Құжаттарым өзіммен бірген жүретін кішкентай сөмкеде болатын. Құнды заттарымнан айырылмасам да, жаман болып қалдым. Полицияға шақырғым келмеген, өйткені олардың ұрыны тауып беретініне мен де сенбеймін. Бірақ жанымда болғандар полиция шақыру керек деген кеңес берді. Полицейлер тез келді. Бірақ келе салып айтқан сөзі мені есеңігретіп тастады: "Несіне переживать етесіз? Ұрылар қашан да болған, әлі де бола береді. Неғыл дейсіз енді?", деп қарап тұрды, - деп жазды Ирина Смирнова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!