Алматыда үлескерлерді тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 9 желтоқсанда Алматы әкімдігі баспаналы болғысы келетін қала тұрғындарына үлескерлерді тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәулет және қала құрылысы басқармасының және "ҚТК" АҚ тұрғын үй порталының деректері бойынша, қала аумағындағы 28 тұрғын үй құрылысы нысанына үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілген.

Сурет: Алматы әкімдігі
Ведомство 2025 жылы маусымда "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілгенін еске салды.
Заң бойынша мына жағдайда көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жарнамалауға тікелей тыйым салынады:
- егер құрылыс салушыда үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ болса;
- Бірегей оператордың кепілдік шарты жасалмаса;
- банк арқылы жобалық қаржыландыру жүзеге аспаса.
Сондай-ақ, бұған дейін жобалық-сметалық құжаттаманың негізінде жарнама орналастыруға мүмкіндік берген норма алынып тасталды. Бұл бұрын болған құқықтық олқылықтың жолын кесті.
Бұдан бөлек, заңнамаға "жеке тұрғын үйлер кешені" деген жаңа ұғым енгізілді. Енді мұндай нысандар да "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заң талаптарына бағынады.
Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат пен өзге де рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру үшін азаматтар мына байланыстарға жүгіне алады:
- Құрылысқа қатысты рұқсат құжаттары бойынша – Қала құрылысын бақылау басқармасының анықтамалық Call-орталығы: +7 (705) 896-6000
- Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат бойынша – Сәулет және қала құрылысы басқармасы: +7 (727) 2408000
- "ҚТК" АҚ тұрғын үй порталы – homeportal.kz
Қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтарға алғашқы нарықтағы күмәнді мәміледен сақтану үшін баспана сатып алмас бұрын құрылыс салушының рұқсат құжаттарын мұқият тексеруге кеңес береді.
Бұған дейін Алматы қысқа қаншалықты дайын екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:01, 9 желтоқсан 2025
Астанада –30°С аяз: дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді
-
20:41, 9 желтоқсан 2025
Таразда қатарласын электронды темекі үшін өлтірген мектеп оқушысы сотталды
-
20:15, 9 желтоқсан 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчы: бастапқы құрам қандай
-
20:08, 9 желтоқсан 2025
Түркістан облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
-
19:59, 9 желтоқсан 2025
Көлік полицейлері мас жолаушыны пойыздан түсіріп, 5 тәулікке қамауға алды





