Алматыда тұмаудың екпесі сотталған балаларға дейін салынуда

11:53, 22 қыркүйек 2020
609

Күз бен қыс айларында өршитін тыныс алу органдары ауруларының алдын алу, сотталған балалардың арасында аталған аурудың жаппай таралмауы мақсатында жуырда Алматы қаласында жазаларын өтеп жатқан мекемедегі жасөспірімдерге №5 қалалық емханамен бірлесіп, екпе салу жұмыстары жүзеге асырылды.

Балаларды екпеге дайындау барысында мамандар оларда тыныс жолдары аурулары белгілерінің бар-жоғын, коронавируспен ауырғандармен байланысын тексеріп, дене қызуларын өлшеді.

Екпе 45 жасөспірім сотталғандарға және мекеме қызметкерлеріне жасалды. Бас бостандығынан айыру орнындағы балалардың иммунитетін көтерудің маңызы зор екені белгілі. Бұл орайда Алматы қаласындағы ЛА-155/6 түзеу мекемесінде балаларға берілетін тамақтың құнарлылығы үнемі басты назарда ұсталады.

Аталған мекемедегі медициналық бөлімде 17 медицина қызметкері, оның ішінде дәрігер терапевт, тіс дәрігері, психиатр мен фтизиатр жазалы жасөспірімдердің денсаулығын қадағалайды. Қандай бір ауру белгілері анықталған жағдайда олар толыққанды емдеу жұмыстарын жүргізеді.

Жылына 2 рет сотталған балалар №5 қалалық емхана мамандарының көмегімен жан-жақты профилактикалық тексеруден өткізіледі.

"Екпе салу кезінде ағзаға инфекциялық агенттің бөлшегі енгізіледі. Вакцинадағы инфекциялық агент ауру тудырмайды, бірақ ағзаның ауруға қарсы антидене өндіруіне жағдай жасайды" - дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы Арай Мәди.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!