Алматыда толассыз қар жауады. Қалалық қызмет тұрғындарға ескерту жасады

17:08, 20 қараша 2019

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы алда толассыз қар жауудың болжауына қатысты жүргізушілерге ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 қарашада түнде және күндіз Алматыда қар жауып, көктайғақ болады деп болжануда.

- Жолдарда көктайғақ болуы ықтималдылығына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, автомобильдер арасындағы арақашықтықты сақтап, күрт маневр жасамауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілерге тротуар бетін жұқа мұз бауын ескерте отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Қардың көп түсуіне байланысты шатырларда үшкір мұздың қатуы да болжанады, сондықтан көп қабатты үйлер жанынан байқап жүруге, мейілінше үйдің іргесіне жақын жүрмеуге кеңес береміз, делінген басқарма хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!