Алматыда тізгіннен кеткен BMW бензин тасымалдауыш көлікпен қақтығысты

09:33, 24 мамыр 2019
350

Алматыда BMW және бензин тасымалдайтын көлік қатысқан ЖКО болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жол апаты Рысқұлов даңғылында, Күдерин мен Солтүстік айналым көшелерінің аумағында орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, бензин тасымалдайтын көлік Рысқұловпен батыс бағытта қозғалған. Ал, BMW оның соңында қашық жерде жоғары жылдамдықта жүріп келе жатқан. Осы сәтте Күдерин көшесіне жетпей Mercedes автокөлігі тұрады. Кенет оның жүргізушісі кері айнала бастапты. Мұны көрген BMW-ның иесі қақтығыстан қашпақ ниетте бірден тежегішке басып, рөлді бұрып жіберген. Немістік көлік тізгіннен кетіп, ол алдымен бензин тасымалдайтын көлікке соғылып, оны артынша автокөлік жолайрығына лақтырған. Абырой болғанда ол көпір бағанына жетпей тоқтайды. Қуанышқа орай, арнайы көлік құралының соққы болған тұсында қосалқы дөңгелек болып, соның арқасында цистернаға қауіп төнбеген.

Апаттан соң тоқтаған BMW түтеп, жалын көрінген. Бензин тасымалдауыш көліктің жүргізушісі өртті дереу сөндіреді.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем BMW жүргізушісін ауруханаға алып кетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!