Алматыда тіркелген коронавирус дерегі 26-ға жетті

20:06, 23 наурыз 2020

Алматыда бүгін коронавирус анықталған науқас туралы егжей-тегжей мәлімет жарияланды. Ол 1975 жылғы Мысырдан Алматыға 2020 жылдың 23 наурызында сағат 01: 00-де, яғни бүгін түнде ұшып келген әйел, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыға келгеннен кейін әйел бірден оқшауланып, карантинге орналыстырылған, одан COVID-19 тестке сынама алынды. Бүгін бұл диагноз расталды.

Бұрын анықталған екі науқас туралы айтатын болсақ, олар кейбір ақпарат құралдары хабарлағандай, карантин кезінде ауру жұқтырмаған, деп хабарлады әкімдіктегілер.

Олардың бірі Мәскеу-Алматы рейсімен келген, алдында анықталған науқаспен тығыз байланыста болған. Осыған байланысты науқасқа 14 күнге карантин қойылды. Кеше тест оң нәтиже берді.

Екіншісі Минск - Алматы рейсімен, атап айтқанда, Парижден Минск арқылы Алматыға транзитпен ұшып келген. Ол мінген ұшақта коронавирус жолаушы анықталып, ондағылардың барлығы карантинге орналастырылған. Кеше, міне сол ұшақ жолаушысы оның да талдау нәтижесі расталып келді.

Осы жағынан алғанда, бұл қос науқас ұшақта ауру жұқтырған адаммен бірге болғандықтан коронавирус жұқтырған.

Жалпы, қазіргі уақытта 26 науқас қаланың қалалық клиникалық жұқпалы ауруханаларында емделіп жатыр.

Бұрын хабарланғандай екі науқастың хал-ахуалы - орташа ауыр, ал қалғандарінікі қанағаттанарлық деңгейде.

Бүгінгі таңда госпитальдарда 660 адам, карантин нысандарында 778 адам емделіп жатыр, ал 1472 адам өз үйінде оқшауланған.

Карантинде жатқандардың барлығында дене қызуы қалыпты, өзгеше құбылыстар байқалмайды.

Госпитальдарда 1А санатындағы елдерден келген науқастармен байланыста болғандар жатыр. Олар бір-бірінен оқшауланған, сондықтан ауруды бір-біріне жұқтыруы мүмкін емес. Оларға ортақ асхананы пайдаланбайды, әрқайсысына тамақ жекелей ұсынылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!