Алматыда тіл мамандары латын әліпбиінің жай-жапсарын талқылады

21:38, 20 қыркүйек 2017
649

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Латын әліпбиінің жобасы талқыланды. Жиналғандар «Сөздің морфемдік жүйесін сақтап, буынға бөлу және тасымал мәселесіне мұқият болған абзал», – десті.

Әліпби жобасындағы қосарланған әріптерге қатысты да ойлар айтылды. «Қазақ тілін компьютерлік бағдарлау тіліне айналдырамыз десек, онда апострофтан, диаКретикалық белгілерден бас тартқанымыз дұрыс», – дейді ғалымдар. 

Съезд Ақынбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі:

-Мысалы, «Осы күнгі» деген сөздің өзін алатын болсақ, н мен г дыбысы қатар келіп тұрғанын өздеріңіз білесіздер. Ал енді қазіргі диаграфтық жүйесін меңгерген кезде бұл ң-ға алмасуға тиісті. Мұны латын графикасымен жазылғанын оқитын бала болсын, үлкен болсын мұны «күңңі» деп оқып кетуі ғажап емес. Осы тұрғыдан алғанда оның әдістемесін қалыптастыру, болмаса диаграфқа қатысты мүмкін басқаша әріптің тіркесін пайдалуға болатын шығар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!